#Байзақ: БАС ИМАМ МЫРЗАТАЙ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: БАС ИМАМ МЫРЗАТАЙ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы әкімдік қызметкерлері және  ауыл тұрғындарымен кездесті.

         Кездесу барысында бас имам Қанат Әділханұлы: «Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы - исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғамның отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігін меңзеп кеткен.

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты», - деген. Осыған қарап-ақ отбасы мүшелерінің өзара міндеттері исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен», - деп «Исламдағы отбасы құңдылықтары» тақырыбында насихат айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: