Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қосы батыр ауылы «Қосы батыр» мешітінде «Хадистану ілімі» атты V аймақ имамдарына семинар өтті. Шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймаққа қарасты ауыл имам-молдалары қатысты.
Қанат Әділханұлы: «Хадис» – сөзі «хабар», «сөз», «жаңа» деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің түбірінен «хабар беру», «жеткізу», «айту» деген мағына шығады. Ал терминдік мағынасы жағынан жалпы пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі босын) сөздері болғанымен Ислам ғалымдарының арасында «хадис» мағынасын анықтауда түрлі көзқарастар бар. Шариғи құқықтанушы (Фиқһ) ғалымдарының хадиске берген анықтамасында «Хадис – Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзі, ісі, құптауы және «сүннет» сөзінің синонимы болып табылады». Ал хадистану ғалымдарының пікірінше «хадис» сөзі тек пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне ғана емес сахабалармен табиғидердін көзқарастарымен іс әрекеттерін бейнелейтін хабарларға да қолданылады», - деді.