Жайдары мезгілмен бірге табиғат аясында демалу маусымы басталды. Осы уақыт аралығында табиғат төсінде серуен құрып, жақын адамдармен бас қосу жиілей түседі. Осы орайда Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйел-қыздар жамағаты табиғат аясына демалуға шықты.
Дастархан жайып, түрлі ойындар ойнап, уағыз-насихат тыңдады. Еркін форматтағы кездесу мешіт шәкірттеріне жақынырақ танысуларына мүмкіндік берді. Жиында түрлі діни тақырыптар сөз болып, сұрақтарға жауап берілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі