Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған.
Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінің әйел-қыздар секторы ұстазы Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған бауырларға көмек көрсету мақсатында мешіт ауласында жәрмеңке жасалды. Қыз-келіншектер түрлі тіске басарлар мен тәттілер пісіріп жамағатқа ұсынды. Жәрмеңкеден жалпы 72 470 теңге қаражат жиналып, республикалы қорға аударылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



10 Март 2026
21 Рамадан 1447

