Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Түймекент ауылында соғылып жатқан мешіт құрылысымен танысты.
Қанат Әділханұлы: «Мешіт салу турасында пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім Алланың разылығын көздеп жер бетінде мешіт салса, Алла Тағала оған жұмақтан бір үй салады», – делінген (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Ибн-Мәжә). Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Қандай да бір адамның мешітке қатысы барын көрсеңіз, оның мүмин болғанына куәлік етіңдер. Өйткені, Алла Тағала: «Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман келтіргендер ғана салады», – деген», – дейді. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына көшіп келгенде, ең әуелі қолға алған жұмысы – мешіт құрылысы болған. Мешіт қызметі тек құлшылық мекені ретінде шектелген емес.
Алланың үйі бес уақыт намаз өтелетін киелі орын болуымен бірге, қоғамдық маңызға да ие болған» деп насихатын жеткізді. Өйткені, руханият мәйегі болып табылатын мешіттер – халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін, имандылық қағидаттарын жақынырақ танып-білуімізге үлкен септігін тигізетіні сөзсіз», - деп құрылысқа жауаптылармен сөйлесті.