«Қолы ашықтың жолы ашық» дейді дана халқымыз. Елдің азаматтарын атымтай жомарт болуға үгіттейтін имамдарымыз мұқтаждың көңілін сұрап, оларға қол ұшын беруді уағыздарында көп қозғайды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылдық «Жаныс баба» мешітінің имамы Абдулбари Мәденұлының ұйымдастыруымен, қолы ашық жандардың қолдауымен 5 мұқтаж отбасыға 65 000 теңге көлемінде азық-түлік беріліп, бір қой сойылып еті үлестірілді. Көмек алған жандар ауыл имамы мен меценат жандарға ризашылықтарын жеткізді.