#Байзақ: АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

#Байзақ: АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, аудандық мешіттің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы және  Жетібай ауылдық «Ақыл ата» мешітінің имамы Қадірбек Әбенұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылының тұрғыны,  майдангер Рахымжан Мамыралиевтің шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады.

Алдымен аудан бас имамы Қанат Әділханұлы  қарт майдангерге құрмет көрсетіп, Муфтият баспасынан шыққан «Бабалар ізімен» кітабын сыйға тарту етсе, ауыл имамы Қадірбек Әбенұлы ақсақалдың иығына шапан жапты.

 99 жасар қарт жауынгер 1942 жылғы желтоқсанның 25-і күні әскер қатарына шақырылып, алғаш Мәскеу қаласының маңындағы Мытищиде алты айлық даярлық курсында зеңбірекші мамандығын игеріп, Орал өңіріндегі Костромадағы Иваново тоқыма фабрикасының іргесіндегі 357-ші зеңбірекшілер дивизиясына қызмет етуге жіберіледі. Міне, осы сәттен Рахымжан Мамыралиевтің жауынгерлік кезеңі басталады. Алғаш Украина майданында оқ жаудырғыш-зеңбірекшілер дивизиясының командирі Иван Ильич Зоновтың қарамағында болып, көптеген соғыс алапатын басынан өткереді. Әсіресе, Польша қаласының маңындағы Лодзі қаласы үшін болған шайқаста ол ерлік көрсетеді.

1943 жылы Қиыр Шығыстың Уссурийскіде, Биробиджанда, Приморск өлкесі мен Ворошилов қаласын, содан кейін Жапон соғысына қатысып, жаудан қорғау шараларына атсалысады. Рахымжан Мамыралиев 1951 жылғы қараша айында елге аман-есен оралады.

Емен жарқын әңгіме өрбіткен соғыс және еңбек ардагері мереке күні имамдар қарт жуынгердің шаңырағына жеміс жидек себетін сыйға тартты. Аузы дуалы қария өзіне көрсеткен құрметі үшін аудан бас имамына алғыс айтып, ақ батасын берді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: