Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің жамағатына Алматы қаласы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы және РАНТ мүшесі Ахмадиев Серікхан имам «Нәпсі тәрбиесі» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Әбу Бәкір Сыддықтың (Алла одан разы болсын) өмірінен өнегелер айтып, мысалдар келтіріп, адамның руханиятына берер пайдасы мол сөздер айтылды.
Уағыздың әсерлі болғаны сондай, жамағат арадан бір сағаттың қалай өткенін байқамай қалды. Жиын соңында Серікхан имам жамағаттың татулығы, бірлігі үшін арнайы дұға қылып, өз ықыласын білдірді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі