Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл мешіттерінің имамдарын жинап басқосты. Жиында болған арнайы семинардан кейін, имам-молдаларға облыстық мешіттің наиб имамы Есет Таласбаев «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасын таныстырды.
Қажылыққа баратын адамға қойылатын талаптар, қажылыққа рухани дайындалу, қажылық мәдениетін сақтау және қажыға жат әдет-қылықтар мен лайықсыз іс-әрекеттерді тастау сынды насихаттар баяндалды. Сонымен қатар, ел ішінде қажылық пен ұмраға байланысты туындап жатқан сауалдарға да тиянақты жауаптары берілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



10 Ноябрь 2025
19 Джумада-авваль 1447

