Мыңқазан ауылы «Сиқымбай ата» мешітінің имамы Бейсенов Русланның ұйымдастыруымен және мешіт жамағаты бірлесе отырып ауылдағы зират басына тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс–шара соңында мешіт ауласына ақ дастархан жайлып, құран оқылып дұға бағышталды. «Тазалық иманның жартысы» делінген.
Ежелден келе жатқан дәстүрге сай өткенге құрмет көрсетіп келе жатқан халықпыз. Мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру — жәй ғана міндет емес, ізгі амал.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі