Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл имам-молдаларын жинап, «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Алматы қаласы Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Серікхан Ахмадиев және Жамбыл облыстық орталық мешіттің наиб имамы Есет Таласбаев арнайы қатысып, баяндама жасады.
Ауыл имамдарына уағыз айтудағы әдепке мән берілетін тұстар мен сақтану қажет жағдайлар да баса айтылды. Семинар соңынан уағыз-насихатқа байланысты сұрақтарға жауап берілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі