Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің имамы Қанат Әділханұлының тапсырмасымен, мешіт іс басқарушысы Арман Көшербаевтың ұйымдастыруымен мешіттің бейне бақылау камералары жаңартылды.
Орнатылған 6 бейне бақылау камерасы 30 күн бойы күндіз-түні мешіттің іші мен сыртын жадыға жазып отырады, әрі интернет желісі арқылы смартфонға да жалғанған. Мешіт қоғамдық орын болғандықтан (Құдай бетін аулақ қылсын) кейбір оқыс оқиғалар, мешітке келуші жамағаттың жеке заттары мен мешіт мүліктерініне қол сұғу фактілері орын алған жағдайда оқиғаны жазып сақтау қажеттілігі туындайды.