Алла Тағала қасиетті Құранда «Уа, иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен бал ашу шайтанның амалы саналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар. Мүмкін, құтыларсыңдар», – деп айтқан («Мәйда» сүресі, 90-аят).
Аятта құмарды «ластық» іс деп атауы жайдан жай емес. Өйткені «рижс» (ластық) сөзі – әрі зиянды, әрі күнәлі нәрсеге қолданылады. Сонымен қатар бұл істердің шайтанның ісінен деп атаулы да тегін емес. Себебі шайтанның мақсаты адамды азғырып азапқа душар ету. Осының өзі адам баласына тыйым салынған іс екендігін ұғындырып тұр.
Осыған орай Жамбыл облысы, Меркі ауданы №9 Меркі колледжінің студенттеріне РАНТ мүшесі Ахмадиев Серікхан «Лудоманияның қоғамға зияны» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Насихат барысында құмар ойынның зияны жайлы, лудоманияның қазіргі таңдағы қазақ қоғамына әсіресе жастарды құрдымға кетіріп жатқан дүние екені, осы құмар ойынға салынудың себебінен бүгінгі таңда қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп, ойран болып жатқаны турасында уағыз – насихат айтылып, жастарымызға бұл дерттің зияны мен қасіреті жайлы кеңінен түсіндірілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.