Дәстүрлі дініміз бойынша тазалықтың адам өмірінде алар орны ерекше. Күнделікті асымыздың таза болуы, бойымыздың тазалығы, тұрғылықты жеріміздің тазалығы, киім тазалығы, қоршаған ортамызды таза сақтауымыз, тұтынған дүниеміз бен ниеттің тазалығы, жүректің ақтығы, тапқан табыстың адалдығы – бәрі де салауатты өмір салты мен баянды тіршіліктің негізін құрайды.
Алла Тағаланың адам баласына берген жыл он екі айда төрт жыл мезгілі бар, соның бірі көктемнің бір күні - жылға азық. Аталарымыздан «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз қалған.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен «Рахман» мешітінің ұстазы Дүзелбаева Айгүлдің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты мешіттерде тал егу мен тал әктеу өткізілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі