Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылы "Әбубакр" мешітінің имамы Бақытжан Нұғманұлының бастамасымен ауылдан шыққан кәсіпкер Алша Әбдіқадірқызы 114 қап ұн әкеліп барша ауыл тұрғындарына таратты.
Қайырымдылық шарасы соңында Бақытжан имам Алша Әбдіқадірқызына өз алғысын білдіріп, ізгі тілектерін айтты. Әруақтарға арнайы Құран оқылып, бағышталды. Қайырымдылықтың жалпы сомасы 2 миллион теңгені құрады.
"Әбубакр" мешітінің баспасөз қызметі