Талас ауданы Тамды ауылы "Тәңкібай Ата" мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлының ұйымдастыруымен "Дін мен дәстүр" бағыты бойынша ауылда кең көлемде іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш шарада гір көтеруден Абутәлі Алдияр есімді ауыл азаматы 1 орын алып, 30 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.
Арқан тартудан "көкпаршылар" тобы жүлделі 1 орынды алып, 50 000 теңге қаржылай сыйлық алды. Футболдан ауыл жастары арасында жарыста жүлделі бірінші орынды алған командаға мақтау қағазымен қатар әр команда ойыншысына 10 000 теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді.
Қазақша күресте жүлделі бірінші орынды Бақытұлы Жамбыл есімді ауыл азаматына 50 000 теңге қаржылай сыйлық берілді. Қой көтеру сайысында қарсыластарына сес бермей қойды 108 рет көтерген Ғабитұлы Асылжан есімді ауыл жігітіне мақтау қағазымен бірге көтерген қойы сыйға тарту етілді. Көкпар ойыны да өте тартысты әрі қызу өтті. Аталмыш шараның соңында Нұрбол Мырзаханұлы барша іс-шараны ұйымдастырған ауыл әкіміне, барша ауыл тұрғындарына ерекше алғысын білдірді. Барша жүлделі орын алған азаматтар мақтау қағаздармен марапатталды.
"Тәңкібай Ата" мешітінің баспасөз қызметі.