"Діни ағымдардан сақтандыру" бағыты бойынша кездесу ұйымдастырылды. Талас ауданы Қаратау қаласы "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлының ұйытқы болуымен "таблиғи жамағаты" сектасының негізгі адасушылық көзқарастары туралы нақты дәлелдермен мешіт жамағатына кең көлемде уағыз-насихат жүргізілді.
Аталмыш іс-шарада Ахат Қайыпбергенұлы жастарды жат ағымнан сақтандыру үшін өзіміздің дәстүрлі исламдық құндылықтармен сусындатудың маңыздылығы туралы да тілге тиек етті. Жиын соңында мешіт ақсақалы бата беріп, Алладан елімізді діни ағымнан сақтауын сұрады.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.