#Талас: "Діни ағымнан сақтандыру" бағыты бойынша кездесу өтті

#Талас: "Діни ағымнан сақтандыру" бағыты бойынша кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы Қаратау қаласы "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омар Асқарбек Серікұлы ТАРГУ колледжі ұйымдастырған "Жастар - деструктивті діни ағымнан сақ бол" атты іс-шараға шақырылды.

Асқарбек Серікұлы ең әуелі жастарға өзіміздің дәстүрлі исламдық құндылықтарды насихаттап, діни білімді интернет көздерінен емес, тек білікті дін мамандарынан, яғни мешітте бекітілген имамдар мен ұстаздардан үйренуді айтып, тілге тиек етті. Жиын соңында,колледж студенттері көптеген діни сұрақтарын сұрап, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Өз кезегінде, Асқарбек Серікұлы аталмыш шараны ұйымдастырған колледж басшыларына алғысын білдірді.

"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: