"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы "Талас аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұжымының ұйымдастыруымен өткен "Терроризм мен діни экстремизм" атты дөңгелек үстелге қатысып қайтты.
Ең әуелі діни терроризм терминінің шығу тарихы туралы тоқталып, бүгінгі күндегі әлемдік діни лаңкестік ұйымдары туралы да сөз қозғалды. Жиын ортасында, көпшілік сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Өз кезегінде, Ахат Қайыпбергенұлы осындай келелі отырысқа ұйытқы болған мекеме басшыларына және барша шараға қатысушыларға өз алғысын білдірді.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі