#Байзақ: АУДАН КӨЛЕМІНДЕ СЕНБІЛІК ЖАСАЛДЫ

#Байзақ: АУДАН КӨЛЕМІНДЕ СЕНБІЛІК ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам – адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, содан соң сол иман аясында игі амал істеуге шақыратын дін. Құран Кәрімнің көп аятында еңбек ету әрдайым иманмен бірге қосарланып келіп, екеуі бір-бірінен ажырамас ұғымдар екендігі баса айтылған. Еңбек етудің артықшылығы туралы Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадисінде айрықша атап өткен. «Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, Қиямет басталып кетсе де қолындағы көшеттi (үлгеретiн шама болса) дереу отырғызсын» деп бұйырған (Бұхари).

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты барлық мешіттерде сенбілік жасалды. Сенбілік аясында «Рамазанда екі тал ек» акциясы аясында 500-ге жуық көшеттер мешіттердің аулаларына егілді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: