"Ізгі қоғам бағыты" бойынша уағыз-насихат айтылды. Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылы, "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Хеурза Асанұлы мешіт жамағатына "ізгі қоғам - ел тұрақтылығы" тақырыбында кең көлемде уағыз насихатын айтты.
Өз кезегінде, жамағат имамның айтылған насихатынан әсер алып, рухани кемелдене түсті. Жиын соңында, мешіт жамағаты имамға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.