Меркі ауданы, Аспара ауылы “Ыбырайым ата” мешітінің имамы Серікбаев Дарханның ұйымдастаруымен және ауыл жамағатының қолдауымен қайырымдылық шарасы атқарылды.
Ауыл тұрғындарының демеушілігімен ауылдағы 7 отбасыға күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті ұн, сұйық май, макорон, күріш, қант және шәй үлестірілді. Бұған қоса ауыл азаматы қой басынан зекет беріп, бір отбасыға табысталды. Игі іс-шараға атсалысқан ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз!
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызмет