Меркі ауданы, Ақжол ауылы имамы Олжабаев Нұрмұхамбеттің ұйытқы болуымен ауылдағы екі отбасыға қайырымдылық жасалды. Мұқтаж отбасыларға қаржылай жәрдем көрсетілді. Көмек алған отбасылар аудан имамына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ислам өзгеге жәрдем беруді бұйыратын дін. Адамзат тарихына үңілетін болсақ, Исламға дейін бірде-бір елде жарлы мен байдың, әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы құқық пен теңдік болмаған. Ал ислам діні адамдар арасындағы теңдікті орнатып, бай мен жарлыны жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды, қарайласуды мұсылманға міндет әрі сауапты амал екенін сүйіншіледі.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі