Меркі ауданы, Тәтті ауылының тұрғыны Алла ісіне береке беріп, нығметіне бөленген кәсіпкер Бектұғұлов Аманбек ағамыз ауылдағы көп балалы жанұяларға, сондай-ақ, басқа да ауырып жатқан, көмекке мұқтаж жандарға зекетін ақшалай табыстады. Жалпы 1 000 000тг көлемінде зекет қаражаты үлестірілді.
Зекет – Ислам дінінің негізгі бес тіректерінің бірі. Зекет тілдік тұрғыда: тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп – нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі


08 Январь 2026
19 Раджаб 1447

