Меркі ауданы, Интернациональное ауылы «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбай, ауыл тұрғындарының қал жағдайын білу мақсатында, ауылды аралап, кімнің қандай көмекке зәру екендігін зерделеп, қолынан келген көмегін аямай Ислам дінінің мерейін көтеріп жүрген имамдардың бірі.
Ауыл имамы қайырымды жандардың басын қосып, ауылға қарасты жалғыз басты, көп балалы ананың қажетін өтеп, бір ұсақ малды табыстап көмек көрсетті. Анамыздың ыстық ықыласына бөленіп, алғысын алды. Алла Тағала имам-молдаларымыздың амалдарын қабыл етіп,сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі