Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Таукеев Талғаттың ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айында мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасалды. Қайырымдылықта 10 тұрмысы төмен отбасы қамтылып, азық-түлікпен жәрдем берілді.
Сауаптар еселенетін айда неғұрлым көбірек қайырымды істерді жасап қалуға тырысуда. Ауыл имамына ризалықтарын білдіріп, ізгі амалдарының қабыл болуын тіледі.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



12 Январь 2026
23 Раджаб 1447

