Мейірімге толы қайырымды жүрек мұқтаж жандарға демеу болумен оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады. Көмекке зәру жандарға қиналған шағында қол ұшын созу - әрбір адамның парызы.
"Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мен "Төле би" қайырымдылық қорының бірлесуімен "Рамазан қоржы" атты қайырымдылық шарасы жасалды. Игі науқан аясында 30 отбасыға айттық таратылды.
Мешіт имамы жамағат алдында айт мерекесі жайлы насихат айтып, көпшілікті құттықтады. Көмек алғандар алғысын айтып, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі