Мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені. Оның сыртында, мешіт табалдырығын аттаған жан қадамына сауап жазылады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғандай мешітке келушілердің оң аяғына сауап жазылып, дәрежесі артатын болса, әрбір басқан сол аяғының күнә-кемшіліктері кешіріледі. Ал мешіт салу сауабы ақыретке дейін жетіп тұратын игілік.
Шу ауданы Еңбек ауылында "Еңбек" мешіті бой көтерген болатын. Аталған мешіттің құрылыс жұмыстары көктем шыға жанданып келеді. "Жиембет" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков мешіт соғу сауабы жайлы насихат айтып кәсіпкерлерге қолдау беріп келеді. Айта кетейік, мешіт халық игілігіне биыл берілмек.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі