Зекет беру арқылы мұқтажадам мен ауқатты адамның арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік артады. Осыны терең түсінген халқымыз «Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін, бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін», «Қайырсыз адам – сараң, құм ішінде шөлмен тең, қайыры мол адам – суаты шалқар көлмен тең», – деп, ауқатты адамдарды мал-дүниесі арқылы қоғамға пайда тигізуге шақырған. Өзгелер үшін қолындағы барын аямай, жомарттық таныта білген ауқатты адамдардың халық дәрежесін көтеріп: «Атымтай жомарт», «Ақ пейіл жан» деген түрлі атаулармен атайтын болған.
Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешітінің имамы Әбусейіт Қоспанов 1 ірі қара 10 қой зекетті мұқтаж отбасыларға табыстады. Кәсіпкер азаматтардың мешітке табыстаған аманатын жеткізген имамға отбасылар алғысын атты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі