Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдық мешіттерде «Жаңару күніне» орай тазалық жұмыстары жасалды. Мешіттің іші-сырты, дәретхана және аулалары тазаланып, қасиетті айда мешітке келуші жамағатқа жағдай жасалды.
Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Сондықтан 19 наурыз – Жаңару күні. Бұл шешім елдегі саяси оқиғаларға да қатысты. 19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі