#Байзақ: АУЫЛ ИМАМЫ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: АУЫЛ ИМАМЫ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Нұрдос Шораев Тараз қаласында орналасқан №4 өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, «Суицид қоғам дерті» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шораев Нұрдос «Исламда діннің басты мақсаттарының бірі болып табылатын – жанды қорғау қағидасының нәтижесінде біреудің басқа біреуді немесе өзін-өзі өлтіруіне қатаң тыйым салынған. Құран Кәрімде адамды өлтіруге тыйым салатын аяттар екі жағдайды да қамтиды. Тіпті  кейбір ислам ғұламалары өзін-өзі өлтіру – біреуді өлтіруден де ауыр қылмыс, деп санайды. Өз-өзіне қол жұмсау туралы тікелей аят болмаса да, біз Құранды тұтастай зерттейтін болсақ, суицидтің ислам рухына жат екендігі айқын көрінеді. «Ниса» сүресінде «...Өздеріңді өздерің өлімге қимандар» сөзін ислам ғұламалары әр түрлі түсіндірсе де, бұл өзін-өзі өлтіруге тыйым салудың Құраннан дәлелі ретінде берген. Өйткені, бұл аяттан тікелей өзін-өзі өлтіру және адамның өміріне қауіп төндіретін іс-әрекеттермен қатар, психологиялық тұрғыдан да өзін-өзі өлтіруге тыйым салынған деген пікір білдірген. Сонымен қатар, «Өз қолыңызбен өзіңізге қауіп төндірмеңіз» деген аятты ескере отырып, адам өзінің өліміне әкелетін іс-әрекеттен аулақ болуы керек делінген. Құранда неге тікелей бұған қатысты аят жоқ дегендерге, Фахреддин Рази: Иман келтірген мұсылмандарда мұндай пікірдің болмайтынын, сол себептен де тікелей тиым салудың ешқандай да бір мағынасы жоқ екенін айтқан», - деп сөзін түйіндеді.

Жиынға қатысушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: