#Байзақ: ІЗГІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ ПАЙДАСЫ

#Байзақ: ІЗГІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ ПАЙДАСЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылдық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Нұрдос Шораев Тараз қалалық №4 өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, «Ізгі қоғам құрудың пайдасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ауыл имамы: «Ізгілік – асыл дінімізде ауқымы кең ұғым. Адам мен қоғамның игілігіне септігі тиетін әрбір жақсылық – ізгілік деп бағаланады. Кісінің ең жақсысы адамдарға (қоғамға) пайдасы тигені деген мағынадағы хадис соны меңзесе керек. Әлемге екінші ұстаз атымен танылған әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактатында ізгі (қайырымды) қоғам іргетасы мен алғышарттары жайлы ой қозғайды. Талай ойшылдарға бұл мәселеде жол ашқан даңқты ғұлама бабамыз аталмыш шығармасының бисмилләсын Аллаға иман мәселесімен бастайды. Сонымен қатар, қала (мемлекет) басшысы бойынан табылуы қажет он екі қасиет хақында сөз етеді. Ізгілікке ұмтылмайтын қоғам түрлері жайлы ойын бөліседі. Мұндай қоғамдардың ортақ сипат – жақсылыққа ұмтылмау, материалдық игілікті әркез бірінші орынға қою, байлықты бақыт, зұлымдықты жеңіс, әлімжеттікті әділет деп білетін, құндылықтар ұғымы бұзылған һәм бұрмаланған. Әрине, әлемге баға жетпес мұра қалдырған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың ой-пікірінің басты қайнар бұлағы асыл дініміз екені ақиқат», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: