#Меркі ауданы: Қазақ үй тігіліп ауызашар дастарханы жайылды

#Меркі ауданы: Қазақ үй тігіліп ауызашар дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ислам және Дәстүр құндылығы" жылы  аясында "Достық" мешітінің имамы  Халыллаев Тойлыбайдың ұйытқы болуымен және мешіт жамағытының ұйымдастыруымен мешіт ауласына арнайы Қазақтың киіз үйі тігіліп ауызашар берілді. 

Ауызашарда ауыл тұрғындары бас қосып, дастархан басында Құран оқылып, дұға жасалды. Игі іс-шараға жиналған жамағатқа Тойлыбай имам уағыз-насихат айтып, халықты қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Ауызашқан жандар осы қасиетті айда  игілікті іс-шараны  жүзеге асырған, ауыл имамы мен бір үйдің баласындай ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытқан мешіт жамағатына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. 

"Достық" мешітінің бой көтергеніне аз ғана уақыт болса да, ауыз біршілігі жарасқан мешіт жамағаты үлгілі жамағаттардың қатарынан. 

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: