#Меркі ауданы: «Тегін такси» акциясы бастау алды

#Меркі ауданы: «Тегін такси» акциясы бастау алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде жылдағы үрдіс бойынша Меркі ауданына қарасты мешіттерде «Тегін такси» қайырымдылық акциясы жарияланды. Қасиетті Рамазан айының  құрметіне Бас имам Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен «Тегін такси» акциясы аудандық "Меркі ата" мешітіннен бастау алды. "Тегін такси" акциясы  " Меркі - Алматы - Меркі " бағыты бойынша жүреді.
 
Алла Тағала қасиетті Құранда: "Ей, иман келтіргендер, рукуғ, сәжде жасап  Раббыларыңа құлшылық қылып, қайыр - жақсылық қылыңдар, бәлкім құтыласыңдар" - деген. Сол себепті мұсылман баласы  құлшылық пен айналаға  қайыр-жақсылық жасауды қатар алып жүру қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): " Адамдардың ең жақсысы - өзгелерге пайдалы болғаны" - деп бекер айтпаса керек.  

Осы игілікті қайырымдылық акциясы ары қарай да жалғасын таппақ. Барлықтарыңызды осы игі шараға үлес қосуға,  көлігі бар азаматтарды сауапты іске атсалысуға шақырамыз! 

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: