Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің ұстазы Шынали Айгерім шәкірттерімен бірге наурыз мерекесіне келген қонақтарға сыйлық таратты.
Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі - Наурыз. Осы ұлыстың ұлы күніне орай Құлан ауылында “Сұлтан” орталық мешітінің шәкірттері “Кәлима айтып, сыйлық ал” челленджін ұйымдастырды. Сыйлыққа қасиетті зәмзәм суы мен тәтті шоколадтар үлестірілді.
Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі