Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты мешіт имамдары жылдағы дәстүрге сай Рамазан айы басталуымен бесін намазының алдында «Оразаның үкімдері» тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда, аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы «Ораза қаңдай жағдайда бұзылады, оразада қан алдырудың үкімі, ораза ұстауға шамасы жетпеген адамның оразасы қалай өтеледі?» деген сыңды сұрақтарға жамағат алдында жауап берді.