#Шу: Кебін пішу тәжірибе жүзінде көрсетілді

#Шу: Кебін пішу тәжірибе жүзінде көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алладан келдік, Аллаға қайтамыз. Әрбір адамның өмірінде болатын жағдайға кім-кім болмасын әр мұсылман дайын болуы тиіс. Сол себепті Далақайнар ауылы "Далақайнар" мешітінің молдасы Дүйсенғали Көдебай мешітке келіп жүрген жамағатқа кебін пішуді үйретіп, практикалық дәріс жүргізді. 

Кебін – марқұмның денесін орайтын ғұрыптық киім есебіндегі ақ мата. Кебін сөзі арабтың кәфәнә сөзінен шыққан, ол «орауыш» деген мағынаны білдіреді. Кебінге жаңа немесе жуылған таза жұқа кездеме, дәке пайдаланылады. 

Молда жамағатқа кебін пішуді және мәйітті жуындыруды түсіндіріп өтті. Көпшілік кітаптан оқығаннан қарағана тәжірибе жүзінде өзгеше екенін жеткізіп, аса маңызды сабақ алды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: