Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы аудан жастарымен жолығып «Ұлттық киім» күнімен құттықтап, жастарға дәстүрлі ұлттық нақыштағы киім үлгісін насихаттап, дәріптеді.
Бас имам: «Қазіргі таңда осы жастардың арасында ұлттық киімді киюді, жастардың тілімен айтқанда «тренд» ке айналдыру керек, ұлттық киім-ұлттық кодымыз» - деп сөз сөйледі. Сонымен қатар бас имам қасиетті Рамазан айымен құттықтап. Ораза жайлы да, уағыз-насихат айтып, жастарға сыйлыққа «Ораза» ға қатысты жазылған кітаптарды сыйлады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі