#Қордай: Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған Аналарымыздың келбеті насихатталды

#Қордай: Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған Аналарымыздың келбеті насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ қоғамында әйелдің орны ерекше. «Әйел бір қолымен бесікті тербесте, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тәмсіл бар. Ұлттың болашағы да қазақтың әйелінің қолында. Сондықтан қазақ әйелі отбасы қоғамының ұйытқысы, тәрбиенің берік қорғаны. Халық жадында сақталып қалған Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Қарашаш, Домалақ, Абақ, Айғаным, Күнбике, Зере тәрізді ханшалардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істері бүгінгі болашақ ұрпақ жадыңда.

Аудандық «Қордай» мешіті әйел-қыздар секторы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған Аналарымыздың келбеті» атты семинар болып өтті. Семинарға ауданымыздың еңбек сіңірген қайраткер аналары қатысты. Олардың ішінде: Қожабек қызы Гүлшаһар, Бабикенова Жумакул, Қаратаева Халима, Сәрсембаева Күміскүл, Сейітжанқызы Гүлнар апаларымыз қатысты. Бос қосуда қазақ қоғамына еңбегін сіңірген аналарымызды еске алып, әйел затының орны айтылды. Семинар соңында дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: