Ұлы дала төсірдегі еркіндікті аңсаған ата-бабаларымыздың тарихнамасында қаншама аналарымыз ел билігін қолына алып, халықтың тағдырын шешуге септігін тигізіп, тіптен бір ұлтты жоғалып кетуден сақтап қалып отырған игі істерінің талайына куә боласыз. Елдің жадында аңыз бен ертегіге айналған кейіпкер ретінде жырланып келе жатқан қаншама әйел-аналарымыздың өз дәуірінде қоғам белсендісі болып, аһли ойы мен ақыл-парасатының арқасында білдей бір мемлекеттің тағдырын шешкені жасырын емес.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы әйел-қыздар жамағатына қазақ тарихындағы белгілі әйел тұлғалары жайлы насихат айтты. Елдің болашағын ойлап ұлтты тәрбиелеу әйел еншісінде. Бала тәрбиесінде ананың орны, үлесі өте зор. Болашаққа даярлық отбасыдан, аналардан басталады. Еліміздің, ұлтымыздың жанашырлары аналар. Ана баласы бақытты болуы үшін баланы жастан көңілі кең, бай, разы етіп тәрбие беруі қажет. Ол тек дана аналардың, әжелердің себебінен болатын іс.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі