Ағымдағы жылдың 15-і наурызында Қордай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Әділет Құттыбайдың ұйымдастыруымен №1 Д. А Қонаев атындағы мектеп гимназиясының 9-ы сынып оқушыларымен, "Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардапты" тақырыбында іс-шара өткізілді. Жиынға Қордай ауданы мешітінің бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы Егізбаев, Қордай ауданы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы, теолог Мұхтар Алексейұлы Саидов, директордың құқық және тәрбие жөніндегі орынбасары Талғат Қыдырбекұлы Шәріпбеков қатысты.
Аталған тақырып бойынша сөз кезегін алған Мұхтар Алексейұлы діни мәселеде кез келген көкейдегі сауалдарына жауапты ресми ақпарат көздерінен алуға шақырып, ал Алмуханбет Айтмуханұлы экстремизмнің қорқыту, үркіту, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілерін атап өтті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі