Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешіт алқа мүшелері бас қосып, рамазан айына қатысты атқарылатын жұмыстар жөнінде ақылдасты.
Бас имам Р.Еспенбетов мешіт алқа мүшелерін жинап, рамазан айында атқарылатын біршама жұмыстарды ортаға салып, алқа мүшелерімен кеңесті. Рамазан айы бір айға жалғасатын болғандықтан, осы айды абыроймен атқарып шығу керектігін жеткізді. Келісе тіккен тон келте болмас дегендей істің өнімді әрі берекелі болуы ол бірлікте.
Ғ.Әлім
Мойынқұм тілшісі