Меркі ауданы, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында, қасиетті Рамазан айының құрметіне мешіт жамағаттарына арналған діни танымдық сұрақ-жауап ойыны өтті.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің қызметкерлері жамағаттың діни-танымдық білімін арттыру мақсатында Ислам діні мен дәстүрімізге қатысты сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды. Жамағат арасынан дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Мұсылман адам әрдайым өзінің ілімін арттырып, саралап жүру керек.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі