Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы "Әл-Кәрим" мешітінің жамағаты "Ұлттық киім күнін" дәріпттеді. Әрбір ұлттың жүріп өткен жолы, қалыптасқан салт-дәстүрі мен ұзын-сонар тарихы бар. Ұлттық киім біздің мәдениетіміздің бір бөлшегі. Ата-бабамыздың жүріп өткен жолына құрмет көрсетуді өскелең ұрпаққа насихаттау біздің борышымыз.
Осы орайда, "Әл-Кәрим" мешітінің жамағаттары ұлттық ою-өрнегі бар киім киіп, "Ұлттық киім күніне" құрмет көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа төл мәдениетімізді насихаттады. Алла Тағала Елімізідің, Жерімізідің мерейін үстем етіп, тәуелсіздігімізді мәңгі етсін!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі