Аудандық "Меркі ата" мешітінің жас жамағаты бүгінгі "Ұлттық киім" күнінің құрметіне орай басына Қазақтың тақиясын, үстіне шапан киіп ұлттық киімді насихаттап жүр. Қазақ салтында жастардың өзінен үлкенге іздеп барып сәлем беруі ерекше инабаттылық саналады.
Жасы кішінің үлкенге, атты адамның жаяуға, келе жатқан адамның отырған кісіге амандасатыны ежелден келе жатқан салтымыз. Сол дәстүрді жаңғыртып үлкенге құрмет - кішіге ізет демекеші, бүгінгі осы қуанышты күнде мешіт имамдарына, мешіт ақсақалдарына амандасып, сәлем беріп кетті.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.