Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы жастары Ұлттық киім күні ауыл ағаларына шапан жапты. 18 наурыз - Ұлттық киім күні. Бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезең.
Ұлттық киімнің ең кең тараған түрі – шапан. Қонаққа шапан сыйлау – оған деген ыстық ықыластың белгісі ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрыпқа деген құрмет. Осы орайда, Қызылқыстақ ауылы жастары ауыл ағаларына шапан, ақжаулықты апа-жеңгелерімізге орамал жапты.
Іс-шараның мақсаты, ұлттық киімді насихаттау, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты және тарихи ерекшеліктерді сақтау және келер ұрпаққа жеткізу. Алла Тағала Еліміздің мерейін үстем етіп, тәуелсіздігімізді мәңгі етсін!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі


12 Март 2026
23 Рамадан 1447

