18 наурыз "Ұлттық киім" күніне орай Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінде ұлттық киім дәріптелді. Аудан бас имамы Азамат Берікұлы бастап және мешіт ақсақалдары бірлесе отыра ұлттық нақыштағы киім үлгісін киіп келіп, мешітке келуші жамағатқа Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттады.
Кез келген ұлтты екінші бір ұлттан ерекшелеп тұратын дүниесі ол - ұлттық киімі. Ұлттық киім жай ғана киім емес, бұл-сол ұлттың бет-бедерін айқындайтын тұнып тұрған мәдениет. Ұлттық киім күні құтты болсын Казақ елі!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі