Жамбыл облысының дін мен дәстүр бөлім меңгерушісі Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлы Сарысу ауданы Жаңатас колледжіндегі студенттерімен дөңгелек үстелде бас қосты. Білім ордасында жүргендіктен барынша білім, үлгі өнеге алуларына жастарға насихат айтты.
Қазақта қарғыс алма, бата ал деген өнегелі сөз бар демекші ата – ананы құрметтеу баланың міндеті екенін түсіндірді. Ұстазға құрмет көрсетсе білім қонатынын кеңінен насихат айтты. Ұстазын құрметтемеген елдің болашағы жоқ екенін тілге тиек етті. Оқып, тәлім алып жатқан жастарға еліміздің үлкен азаматтары болсын деп батасын берді.