Жамбыл облысының дін мен дәстүр бағытының жетекші маманы Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы Сарысу ауданына ат басын бұрды. Аудандық мешіттің жамағатына дін мен дәстүрдің құндылықтары жайында керемет насихат айтты.
Жиналған қауым дән риза болды, өйткені дін мен дәстүр қазақ елі үшін біте қайнасқан ұғым. Рамазан айы наурыз айына сәйкес келгендігі себепті құлшылығымызды орындап, салт – дәстүрімізді қатар алып жүру керек екендігін баяндады.