Меркі ауданы, Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің имамы Олжабаев Жанболат жас балаларды асық ату ойынына баулыды.
Асық ату ежелден келе жатқан Қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық ату баланы епті, мерген, зерект, алғыр, ұстамды болуға тәрбиелейді. Асық ату ойыны тек Қазақ жерінде емес, сонымен қатар Орта Азия елдерінле де, әлі күнге дейін асық ату ойналып келеді. Жанболат имам да өз кезегінде асық ату ойынын кеңінен насихаттау мақсатында жастарға ұлттық ойынымызды дәріптеп, асық ату ойынын ұйымдастыды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі